«Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Степногорск қаласының Л.Н. Толстой атындағы № 4 мектеп -гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа- гимназия № 4 имени Л.Н.Толстого города Степногорск отдела образования по городу Степногорск управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 Facebook   

Сенім телефоны

87164575546

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

25 қазан Республика күніне орай тақырыптық көрме ұйымдастырылды

23.10.2026
Бастауыш сынып мұғалімдерінің онкүндігі аясында 25 қазан – Республика күніне орай тақырыптық көрме ұйымдастырылды.
Көрменің басты мақсаты – оқушылардың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, Қазақстан Республикасының тарихы мен мемлекеттік рәміздеріне деген құрметін нығайту.
Көрмеге оқушылардың шығармашылық жұмыстары, тақырыптық суреттері мен қолөнер бұйымдары қойылды. Балалар өз жұмыстарында туған елінің әсем табиғатын, кең байтақ даласын, ұлттық құндылықтары мен тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерін бейнеледі. Әрбір жұмыс оқушылардың шығармашылық қабілетін, қиялын және Отанға деген ыстық ықыласын көрсетті.
Осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар жас ұрпақтың бойында ұлттық сана-сезімді қалыптастырып, елін сүюге, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге және Қазақстанның лайықты азаматы болуға тәрбиелейді.
Республика күні құтты болсын! Еліміз аман, тәуелсіздігіміз тұғырлы, болашағымыз жарқын болсын!
Жакишева С.В.
Просмотров: 45


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу

Текст